Дата публикации: 15.08.2017 15:29
Дата изменения: 15.08.2017 15:29

 

«Қарағанды – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде ірі СЭҚҚ кездесу өтті

 

 

 

 

Жоғарыда баяндалған күн тәртібіне сәйкес, Қарағанды-КРО к/б басшысының м.а. Мукашев Б.И. келген қонақтармен кеден бекетінің жеке құрамына ҚР ҚМ МКК келіп түскен хаттың мазмұнын түсіндіріп, мемлекеттік кірістер органы ұлттық бизнеспен тығыз қатынаста болуын жеткізе кетіп, төмендегі қағидаларды ескеруді тапсырды:

- түсініктілік (анықталған және нақты талаптардың қойылуы);

- қолжетімді (сонымен қатар ережелер мен нормаларды тарату, мағұлымат іздеу жолының жеңілдігі);

- әрбір «тұтынушыға» жеке және дербес қызмет көрсету;

- заманауи техника құралдарын және басқару тәсілдерін қолдану;

- білімі мен біліктілігін тек қана қызметкерлер арасында ғана емес, бизнес өкілдерімен де бөлісу;

- тұрақты декларанттармен байланыста болу;

СЭҚҚ ҚР «Кеден туралы» кодексінің 265 бабын жеткізе отырып, баптың негізі тұстарын айта кетті.

СЭҚҚ арасында АЖ Астана-1 пилоттық жобасын үгіттеп, оның қолданыстағы әлді жақтарына тоқталды.

Осыған орай, СЭҚ қатысушыларына көрсететін қызметтің сапасымен, ашықтық пен тығыз байланыстың орнауы, және де, келіп түскен шағымдарды толыққанды зерделеу мен кәсіби адалдықты көтеру мақсатында, шешім қабылдады:

УЭО мен ірі бизнес өкілдерін айына 1 ден кем емес уақытта кесте бойынша шақырып тұру. Сонымен қатар, ірі кәсіпорындар кеденде тауарларды декларациялау кезеңінде туындайтын сұрақтарға байланысты, «Қарағанды-КРО» к/б өзара алмасу үшін білікті қызметкерлерді тағайындады.

Ірі кәсіпорындарды аралау жоспарланды: кәсіпорынның жұмыс мақсатымен танысу, кеденде тауарларды декларациялау бойынша қиыншылықтарды жою жолдары, сонымен қатар тауарлар бағасы мен классификациясын анықтау және т.б.

Бұл іс-тәжірбиенің мақсаты кеден және кәсіпкерлер құрылымындағы қарым-қатынас кезіндегі мәселені шешуге бағытталады. Қарым-қатынас кезіндегі көптеген сұрақтармен, қиындықтар тудыратын жолдардын кеден мен кәсіпкерлердің арасында түбегейлі жойылуы. Осындай «дөгелек столдардың» арқасында жалпы «қызмет көрсету мәдениетін» арттырамыз. Әрбір «тұтынушыға» жеке және дербес қызмет көрсету, СЭҚ қатысушысының жағдайын біліп, оның қиыншылықтары мен мәселелеріне түсінікпен қарауға жол береді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың ақпан айында кеден бекетінің мекемесінде СЭҚҚ кеденде тауарлар бағасын ақпараттандыру үшін онлайн ақпаратты жеткізу көрсеткіш тақтасы орнатылды.