Дата публикации: 16.01.2017 17:43
Дата изменения: 16.01.2017 17:45

Астана және Алматы қалалары,

Обылыстар мемлкеттік кірістер департаменттері

 

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.

2016 жылы 14 қарашада «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы (одан әрі – Келісім)   Қазақстан Республикасының Заңы» қабылданды.

Келісімге қазақстан тарапынан 2016 жылғы 22 ақпанда Астанада қол қойылды. Ресей тарапы жауап нотасына 2016 жылғы 15 наурызда Мәскеуде қол қойды. Сонымен қатар Келісім Қазақстан Республикасының 14 қарашадағы №21-VI ҚРЗ Заңымен ратифиакцияланып, 2016 жылғы 29 қарашадан күшіне енді.

Келісім, 18.10.1996 жылғы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция шеңберінде бейрезиденнтің резиденттігін растайтын ресми құжаттарды қолдану сұрақтары бойынша тиімді әрі жеңілдетілген ынтымақтастық механизмін құру мақстында жасалды.

Келісімнің 1 бабына сәйкес, бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген және оның елтаңбалы мөрімен бекемделген құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында қандай да бір арнайы куәландырусыз, оның ішінде апостиль қойылмай немесе консулдық заңдастырусыз қабылданады. Бір Тарап мемлекетінің аумағында ресми ретінде қаралатын мұндай құжаттар екінші Тарап мемлекетінің аумағында ресми құжаттардың дәлелдемелік күшіне ие болады. Танудың осы тәртібі 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген ресми құжаттарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 219 бабының 4 және 5-тармақтарында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттарға талаптар анықталған.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, Ресей уәкілетті органдары берген ресми құжаттарына апостильдеу немесе консулдық заңдастыру талаптары қолданылмайды.

          Қосымша 14 парақта.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

мемлекеттік кірістер комитеті

төраға орынбасары                                                      А. Қыпшақов