Жарияланған күні: 08.11.2018 18:16
Өзгертілген күні: 08.11.2018 18:17

Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, салық төлеушілерге екінші деңгейлі банктермен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін уақытылы орындау үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында банк шотының бар болған жағдайда - банкоматтар мен басқа электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүзеге асырылады.

Банкоматтар мен басқа электронды құрылғылар арқылы салық төлеудің ең маңызды артықшылығы – кез келген уақытта және кез келген елді мекенде банктерге келмей, кезектерде тұрмай бюджетке төлемдерді төлеуге қабілетті.

 Бұл ретте, электрондық қызметтерге екінші деңгейлі банктерде белгіленген тарифтерден әлдеқайда төмен.

2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Осыдан ертеректе «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған: яғни бұлар мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.

eGov.kz «Электронды үкімет»  порталында салық төлеу бойынша нұсқаулар.

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар, жер салығы, ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы, қосылған құн салығы, акциздер, арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы, экспортқа салынатын рента салығы, ойын бизнесіне салық, тіркелген салық, алымдар, төлемдер, кедендік төлемдер, басқа төлемдер және баждар.

Қосымша ретінде, 2018 жылдың соңына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында https://kgd.gov.kz/ жүзеге асырылады.

Барлық салықтарды төлеу және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша жаңа қызметті іске қосу туралы баспасөз хабарламалары МКК әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде, «электронды үкімет» порталында жарияланған.

Банкоматтың интерфейсінде, МКК «Салық төлеушілер кабинеті» web-қосымшасында мемлекеттік кірістер басқармасының кодтарының тізімі және атауы көрсетілген, сондықтан да тиісті мемлекеттік кірістер органдарын таңдауға мүмкіндік бар.