Жарияланған күні: 11.10.2018 18:19
Өзгертілген күні: 11.10.2018 18:20

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде салық берешегі бар жеке тұлғаларға 2018 жылдың 1 қазанынан бастап барлық банкті кқызметтерді алуға мүмкіндік берілмейтіндігі туралы бұрыс ақпарат таратылуда.

Осыған орай, Балқаш қаласының МКБ аталған ақпаратты жоққа шығарады және келесіні түсіндіреді.

Жеке тұлғалардың 2017 жылдың мүлік және жер салықтары бойынша міндеттемелерінің төлеу мерзімі 2018 жылдың 1 қазаныңда өтті.

Жоғарыда көрсетілген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күнде өсімпұл есептеледі, бұл бересіні қосқанда салықтөлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды.

Банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салықтөлеушіге (заңды тұлғаларға да, дара кәсіпкерлерге де, жеке тұлғаларға да) банктік шотты ашудан бас тартуға міндетін қарастыратын Салық кодексінің ережесі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енгізілгеніне назар аударамыз (Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші абзал жолы).

Аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарға таратылмайды.

Яғни, егер ондай тұлғада салықтық берешегі  бола тұра, осы мақсатта жеке тұлғамен банктік шот ашылатын болса, банктің оны ашудан бас тартуға құқығы жоқ.

Салық кодексінің ережелерімен салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаларға басқа банктік қызметтерді көрсетуден бас тарту қарастырылмаған.

Салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесінің болуы туралы хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында іске асырылған салықтөлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екендігі туралы актуалды мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» электронды сервисі іске асырылған.

Балқаш қ.бойынша МКБ