Жарияланған күні: 17.08.2018 16:39
Өзгертілген күні: 17.08.2018 16:42
Мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыттардың бірі, ол ең алдымен, ашықтық қамтамасыз ету арқылы азаматтардың сенім деңгейін арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын болдырмау, олардың болу мүмкіндіктерін болжай отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір маңызды механизмі болып, қоғамдық бақылау институты табылады, ол «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нормативтік турде бекітілген. 
Қазір қоғам мүшелерінің шешімдер қабылдау процесінде қатысуы мемлекеттік органдардың ашықтықтырын арттыруға және есептілігіне ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы және олардың қызметінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты болуының негізі.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарының бірі ол ресми тұлғаның азаматпен тікелей байланыста болуы.Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі неғұрлым қарапайым және айқын болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі неғұрлым төмен болады. Адам факторының әсері заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғаннан басқа, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу мақсатында, Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларының арасында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі - жеке сұхбат, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейне материалдарды көрсету, дөңгелек үстелдер, семинарлар, теледидарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар.
Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кедендік бекеттерінде барып-қайту семинар-кеңестер өткiзiледi.
Департаменттің жас қызметкерлеріне психикалық әсер ету ретінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның сөзсіз болуының сана-сезімін қалыптастыру үшін, жаңадан тағайындалған қызметкерлердің, Долинка кентіндегі түзеу мекемелеріне жүйелі түрде барулары ұйымдастырылады.
Ағымдағы жылы, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік құқық бұзушылықтар үшін Департаменттің 4 қызметкері жауапкершілікке тартылды.
Қолма-қол ақшалай түрде пара алғаны үшін Департаменттің 3 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды (кеден қызметінің 2 маманы және салық блогының 1маманы).
Жалпы, Департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту үшін барлық мүмкін шараларды қолданады. Осы бағытта тиісті жұмыс жалғасуда.
 
Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеу бөлімі