Жарияланған күні: 12.06.2019 14:37
Өзгертілген күні: 12.06.2019 14:41

Нұра ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы мынаны хабарлайды – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 02 сәуірдегі № 241-VI (бұдан әрі) заңы 9 бабының 9 тармақшасында Салық кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар көзделген:

         Патент құнына енгізілетін ЖТС сомасын есептеу

"48-1-бап. Салық кодексінің 686-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын не үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту деректерді тіркеу және беру функциясы бар осындай бақылау-касса машинасы салық органдарында алғаш рет есепке қойылған немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.";

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе алғаш рет орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін, сондай-ақ осындай сатып алудың салықтық кезеңінен кейінгі салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.".

         Жеңілдетілген декларацияға енгізілетін ЖТС сомасын есептеу

      48-2-бап. Салық кодексінің 687-бабы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:

      "2-1. Салық төлеуші деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені салық органдарында есепке қойған күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.

      Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.";

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде:

      "2-1. Салық төлеуші үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнатқан күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.

      Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады."

         Жеңілдетілген  декларация негізінде арнайы режимді қолдану шарттары

683-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды".

                                     

Жеңілдетілген декларация негiзiндегi  үш компонентті интеграцияланған ақпараттық жүйені міндетті түрде қолдана отырып, салық режимiн қабылдайтын  ЖК үшін  ҚҚС шегін ұлғайту

82 баптың 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген ең төмен айналымға оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 114 184 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған ақпараттық жүйе міндетті түрде қолданыла отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысанында жасалған айналымдары қосылмайды."