Жарияланған күні: 13.04.2018 18:31
Өзгертілген күні: 13.04.2018 18:32

КЕДЕНДІК ТЕКСЕРУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ БӨЛІГІНДЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КЕДЕН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

            Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен (бұдан әрі – Кеден кодексі) кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі бөлігінде енгізілетін кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы назарларыңызға жеткізеді. Кеден кодексінің 416-423-баптарымен кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі регламенттелген. 416-бап Кедендік тексеру түсінігі енгізілген, мұнда кедендік тексеру Кеден кодексінде белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және Кеден кодексімен көзделген кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, тауарлар шығарылғаннан кейін тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны болып табылады. Одан бөлек, кедендік тексеру кеден органымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізілетіні айқындалған. 5-тармақта тексерілетін тұлғалар түсінігіне жататын тұлғалар тізімі берілген, олар: 1) декларант; 2) тасымалдаушы; 3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға; 4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға; 5) тауарлар шығарылғаннан кейін оларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға; 6) уәкілетті экономикалық оператор; 7) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама түрде қатысқан тұлға; 8) иелігінде және (немесе) пайдалануында Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасы, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасы бұзыла отырып тауарлардың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуын (болғанын) куәландыратын өзіне қатысты ақпарат бар тұлға. Осы баптың нормаларымен кедендік тексеруге ұшырауы мүмкін мәселелердің тізбесі, кедендік тексерудің түрлері (камералдық/көшпелі), сондай-ақ кедендік тексеруді жүргізу барысында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзұшылықтар белгілері анықталған кезде кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдайтыны айқындалған. 417-бап Аталған баппен камералдық кедендік тексеруді жүргізудің тәртібі регламенттелген. Сонымен, камералдық кедендiк тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талап етуі бойынша тексерiлетiн тұлға ұсынған кедендiк декларациялардағы және (немесе) коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүргізіледі. Камералдық кедендік тексеру тек кеден органы басшысының, кеден органының басшысы орынбасарының рұқсатымен ғана тағайындалуы бөлігінде талаптардың енгізілгендігін атап көрсету қажет. Демек, кеден органы басшысының, кеден органы басшысы орынбасарының шешімі шыққан күн мұндай тексерудің басталған күні болып саналады. Одан бөлек, аталған баппен камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі (алты айдан аспайтын) айқындалған, дегенмен, оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады. Көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін қажетті негіздермен қатар, Көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін қажетті негіздермен қатар, 3-тармақпен камералдық кедендік тексеруді тағайындау үшін негіздердің тізбесі айқындалған. Сонымен қатар, камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органымен кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну бойынша талапты тексеретін тұлғаға жіберуі көзделген. Тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексеру кезінде кеден органының жазбаша талап етуімен кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша, оның ішінде кеден органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімде құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы екендігін атап көрсету қажет. Аталған баппен камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалатыны, ал Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылатыны, оның орындалу мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайтыны белгіленген. Камералдық кедендік тексеру актісінің және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысандарын уәкілетті орган бекітеді. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі және (немесе) табыс етіледі. Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны электрондық тәсілмен жолдау бөлігінде жаңалықтар енгізілгендігіне назар аударамыз. Бұл ретте, төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: 1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберiлгенде –төлеушi пошта операторының хабарламасына белгi қойған күннен бастап; 2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – веб-қосымшада хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге табыс етілген болып саналады. Электрондық тәсілмен жіберілген хабарлама: уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының ақпараттық жүйесін пайдаланушы ретінде тіркелген; Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады. 418-бап Аталған баппен көшпелі кедендік тексеруді жүргізудің тәртібі регламенттелген. Жаңа Кеден кодексінде жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізуді көздейтін нормалар алынып тасталған. Осыған орай, көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру; 2) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру. 9-тармақпен нақ сол аумақтық кеден органының бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді қайта жүргізуіне 418-баптың 10-тармағының 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) 12), 19) және 20) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша жол берілетіндігі көрсетілген. Көшпелі кедендік тексеруді тоқтата тұру мәселелері бөлігінде жаңалықтар көзделгендігін атап көрсету қажет. Сонымен, көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың шешімі бойынша: 1) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу; 2) кедендік сараптаманы жүргізу; 3) Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салуларды жіберу; 4) тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды қалпына келтіруі; 5) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдарға әсер ететін, тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде тоқтатыла тұруы мүмкін. Одан бөлек, көшпелі кедендік тексеруді жүргізу тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі табыс етілген, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығын кеден органы қараған жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрады. Жаңа кеден кодексімен көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру мерзімі белгіленген – ол жиырма төрт айдан аспауға тиіс. Бұл ретте, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органын хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны жолдау көзделген. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамаға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі, ол туралы тексерілетін тұлға хабардар етіледі. Одан бөлек, Кеден кодексінде көшпелі кедендік тексеру актісінде болатын мәліметтердің тізбесі көзделген. Сондай-ақ, көшпелі кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс ету талабы енгізілгендігін атап өткен жөн. Бұл ретте тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, кеден органының мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты аталған баптың ережелері қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары уәкілетті органмен бекітеді. 419-бап Аталған баппен тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны табыс етудің және орындаудың тәртібі регламенттелген. Бұзушылықты жою туралы хабарламаға ұқсас тексерудің нәтижелері туралы хабарламаны электрондық тәсілмен табыс ету бөлігінде өзгерістер енгізілген. 420-бап Аталған баппен Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіру тәртібі регламенттелген. 4-тармақпен тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының және көшпелі кедендік тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден негізсіз бас тартқан жағдайда, жасалатын хаттаманың нысаны уәкілетті органмен бекітілуі бөлігінде өзгерістер көзделген. 421-бап Аталған баппен кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері регламенттелген. Көрсетілген бапта кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді және көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтарын ажырату көзделген. 422-бап Аталған баппен тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері регламенттелген. Көрсетілген баптың нормаларымен тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде қатысу және көшпелі кедендік тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беру және көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну құқығы, сондай-ақ тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде түгендеудің жүргізілуін қамтамасыз ету, көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына бухгалтерлiк есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтылымның және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің тексерiлетiн тауарларға қатысты деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге рұқсат беруді және (немесе) электрондық жеткізгіште және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынуды қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау міндеттері бөлігінде тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттерінің тізбесі кеңейтілген. 423-бап Аталған баппен кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну мәселелері регламенттелген. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кеден органының талап етуі бойынша ұйымдар мен дара кәсіпкерлердің банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді ұсынуын, сондай-ақ, тексерілетін тұлғамен кедендік тексеру жүргізілетін тауарлармен мәмілелер (операциялар) бойынша байланысты тұлғалардың кеден органының талап етуі бойынша тексерілетін тұлғамен немесе осындай тауарлармен мәмілелерге (операцияларға) қатысы бар үшінші тұлғалармен жүргізілетін операциялар және есеп айырысулар бойынша кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және өзге де ақпаратты ұсынуын көздейтін нормалар енгізілген. Одан бөлек, Кеден кодексінің 55-бабымен белгіленген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау бөлігінде мынадай: 1) көшпелі кедендік тексеру тағайындалған күннен бастап ол аяқталған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алу құқығының жоқтығы туралы; 2) шағым жасалып отырған тексерудің нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықты жою туралы хабарламаның және кедендік тексеру актісінің көшірмелерінің шағыммен бірге жолдануы талаптарының белгіленуі туралы өзгерістер енгізілген.

Асель Жумадилова

ТЖБ-ның жетекші маманы