Жарияланған күні: 13.05.2019 16:36
Өзгертілген күні: 13.05.2019 17:26

 

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
 

2019 жылдың 13 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков жаңадан тағайындалған Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Орқашбаев Қайрат Мұрзасалықұлын ұжымға таныстырды.

Орқашбаев Қайрат Мұрзасалықұлы, 1974 жылы туған, қазақ, білімі  жоғары. Еңбек жолын 1998 жылы салық органдарында бастаған. Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдар атқарған. Қостанай облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы   №429-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.