Жарияланған күні: 14.05.2019 13:01
Өзгертілген күні: 14.05.2019 13:04

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлмира Боранбаева Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Этикалық кодексті түсіндіру, еңбек тәртібінің нормаларын және қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша кездесу өткізілді.

 

Мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқын болдырмау, сондай-ақ жұртшылықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайту, Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жетілдіру және қызметтік этика нормаларын енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында 04.05.2019 ж.Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлмира Боранбаева Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Әдеп кодексінің нормаларын, еңбек тәртібі нормаларын және әлеуметтік желілердегі қызметкерлердің мінез-құлық тәртібіне сәйкестігін анықтау мақсатында кездесу өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл барлық қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, "мемлекеттік қызмет туралы", ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Мемлекеттік кіріс органдарының қызметін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде сақтауы, қызметтік, Еңбек және атқарушылық тәртіпті мүлтіксіз сақтауы, қызмет уақытында да, тұрмыста да жеке қауіпсіздік шараларын сақтауы туралы жеткізді.

Сонымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Мемлекеттік қызметшілердің Интернет желісінде, атап айтқанда әлеуметтік желілерде дұрыс құрылған қарым-қатынасы жалпы Департаменттің имиджі мен беделіне жауап береді.

 

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті