Жарияланған күні: 14.11.2017 16:34
Өзгертілген күні: 14.11.2017 16:37

                Науқан «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы өткізіледі.

                Науқанға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды түбіріктің түсірілімін жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды түбірік берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.

Іс-шара ағымдағы жылғы 1 мамыр мен 30 қараша аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді. 

Бас финал Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.         Қайталанып жіберліген түбіріктер ұтысқа қатыспайды.

 

               

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті