Жарияланған күні: 15.01.2019 10:00
Өзгертілген күні: 15.01.2019 10:03

11.01.2019 жылы Осакаров ауданы бойынша МКБ қызметкерлері "МӘМ-ге қатысатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдіктерінің БСН-ге төлемдерді қабылдаудың дұрыстығы"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты МӘМ-ге қатысушы БСК бойынша төлемдерді қабылдау кезіндегі қателерді болдырмау болып табылады. Кеңеске "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Теміртау аймақтық филиалының Осакаров басқармасының басшысы С. Опабеков, Осакаров АІЖ басшысының орынбасары С. Төлеуғазин, ӘКК жетекші маманы О. Евсеенко қатысты. ЖЖИ басшысы В. Баканова қатысушыларға төлемдерді дұрыс қабылдаудың маңызы мен салдары туралы айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды,олардың бірі 01.01.2019 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлемді енгізу қызығушылық тудырды. Соңында қатысушылар төлем терминалдары арқылы төлемдерді қабылдауды және төлемдерді аудару бойынша кеңес беруді жүзеге асыратын мамандармен техникалық оқу өткізу қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Барлық қатысушыларға жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша түсіндіру сипатындағы жадынамалар берілді.   

 Осакаров ауданы бойынша МКБ