Жарияланған күні: 09.01.2019 14:45
Өзгертілген күні: 09.01.2019 14:48

14 мемлекеттік көрсетілетін қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі

2018 жылдың 1 қазанынан бастап қызметті эксаумақтық ұстанымда көрсету көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне байланысты болмауын қарастырады, яғни қызметті кез келген мемлекеттік кірістер органдарында алуға мүмкіншілік беру.
Өтініш берушінің тұрғылықты және орналасқан жерінен дербес, мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін 14 мемлекеттік қызмет түрінің тізілімі бекітілді: 
1. Дара кәсіпкерді тіркеу есебі
2. Салық төлеушілерді тіркеу
3. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі
4. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметті каударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстапқалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру
5. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру.
6. Қазақстан Республикасының резинденттігін растау
7. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайтабастау)
8. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру
9. Салық есептілігін қабылдау
10. Салық есептілігін керi қайтарып алу
11. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу.
12. Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару.
13. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту.
14. Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі
Осылайша, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңайлату мақсатында мемлекеттік қызметті алушылар тіркеу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кез келген мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне алады.

Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы