Жарияланған күні: 17.08.2018 17:26
Өзгертілген күні: 17.08.2018 17:27

      ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен 104 баптың 1 және 2 тармақтың осы редакциясы 01.01.2019 дейін қолданыста болады. Қолданыста болған мерізімінде  104 баптың 1 және 2 тармағының  редакциясы төмендегідей болады:

      1.Қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 431, 432, 433 және 434- баптарына сәйкес, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бойынша қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару осы Кодекстің 102-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) салық төлеушінің банктік шотына аудару арқылы, ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.

     2. Осы Кодекстiң 429, 431, 432, 433 және 434- баптарына сәйкес қосылған құн салығының қайтаруға жататын асып кету сомасы салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнге қосылған құн салығы бойынша жеке шоттағы қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасынан аспауға тиiс.