Жарияланған күні: 26.01.2017 18:57
Өзгертілген күні: 03.09.2018 09:13

Қарағанды облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселері жөніндегі қызметінің есебі (есептік кезең 2016 жыл).

 

I. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Қарағанды облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті, Қарағанды облысы бойынша  кеден бекеттері және Мемлекеттік кірістер басқармалар.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік кірістер органдары 53 түрлі мемлекеттік көрсетілітін қызмет көрсетеді. Қызметтер мемлекеттік кірістер органдарымен тікелей көрсетіледі, соның ішінде 1 қызмет Экономикалық тергеу қызметімен көрсетіледі және қосымша 24 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – Мемкорпорация).

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 53 мемлекеттік қызметтің 42 тегін түрде және 11 ақылы түрде көрсетіледі. Толық электрондық нысанда 1 қызмет көрсетіледі, 33 қағаз және электрондық нысанда, 19 тек қағаз нысанда көрсетіледі. 53 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттары және регламенттері бекітілген. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №348 бұйрығы.

 3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: 2016 жылғы 01 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен 1 355 656 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

·                   қағаз түрде – 246 020 немесе 18,2%

·                   электронды түрде- 1 109 601 немесе 81,8%,

·                   «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» арқылы -5.

 

2016жылдың барынша талап етілген мемлекеттік қызметтер:

1. «Салық есептілігін қабылдау» - 583 935 қызмет немесе 43,1 % жалпы көрсетілген қызметтерден;

2. «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру» - 494 806 қызмет немесе 36,5 % жалпы көрсетілген қызметтерден;

3. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу – 53 962  қызмет немесе 4,0 % жалпы көрсетілген қызметтерден;

3. Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау- 52940 қызметтер немесе 3,9% жалпы көрсетілген қызметтерден.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс жүргізу

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен органдары туралы мәліметтер. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат (стандарттар, регламенттер, жадынамалар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комиттеттің (бұдан әрі – Комитет) www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің   www.krg.kgd.gov.kz интернет-ресурсынын "Департамент туралы/ Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414, 8-800-080-7777  телефондары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады (қоңырау шалу тегін).

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Көрсетілетін қызметті алушылардың салық және кедендік заңнамалары саласындағы ақпараттығын жоғарлату үшін мемлекеттік кірістер органдарымен тұрақты негізде салық және кеден заңнамасын түсіндіру семинарлар өткізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланады. Салық және кеден заңнамалардын өзгерістер туралы ақпарат Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің интернет-ресурсында орналастырылады.

         2016жылда қызметтер көрсету сапасын жоғарылату бойынша семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-та жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде 2660 түсіндірме іс-шаралар. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату бойынша түсіндірме іс-шаралармен 29600 адам қамтылды.

 

         Өткізілген семинарлардын негізгі тақырыптары:

- Мемлекеттік қызметтерді  электронды түрде, сондай-ақ "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы алудын мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы. 2016 жылда мұндай 2059 іс-шаралар оның ішінде 261 басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру, 132 - Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің интернет-ресурсында, 1666 - семинарлар, "дөңгелек үстелдер", брифингтер және т. б. өткізілді,;

- тіркеу және (немесе) деректерді беру функциясымен бақылау-кассалық машиналарын қолдану;

- арнайы салық режимдерін қолдану;

- Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау.

         2016жылдын қараша айында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облысы бойынша аумақтық филиалдарымен бірлесіп, бизнес және халық өкілдерінің қатысуымен форумдар өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жаңалықтар мен жетістіктердің, сондай-ақ, қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және жетілдіру бойынша іс-шаралардын презентациясы өткізілді.

Қарағанды облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы.