Жарияланған күні: 24.08.2015 11:10
Өзгертілген күні: 06.10.2016 17:31

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент), 100000, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 3, 313 кабинет, анықтама үшін телефондар 8 (7212) 410936, 561243, факс 410935 e-mail: ugazimieva@taxkrg.mgd.kz, dkaparova@taxkrg.mgd.kz Департамент басшысының номенклатурасына жататын Департаменттің бос лауазымдарына орын алуға конкурс өткізілетінін хабарлайды:

 

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: әскери-дәрігерлік комиссиясында қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландыру,  сондай-ақ полиграфологиялық зерттеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық -процессуалдық  Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі), «Құқық  қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу.

 

•         Департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау  басқармасы криминалистикалық бөлімінің жетекші маманы-офицері (C-GDO-6 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: оқиға орындарын қарауға, басқа тергеу іс-әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына маман ретінде қатысу; экономикалық және тауартану зерттеулерін, сондай-ақ халық тұтынатын азық-түлік емес тауарларға тауартану зерттеулерін жүргізу; экономикалық және тауартану зерттеуі желісі бойынша жұмыс нәтижелеріне кешенді талдауды жүргізуді және бағалауды жүзеге асыру.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

•         Департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау  басқармасы криминалистикалық бөлімінің жетекші маманы-офицері (C-GDO-6 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: оқиға орындарын қарауға, басқа тергеу іс-әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына маман ретінде қатысу; құрылыс зерттеулерін (ғимараттар мен құрылыстарға экономикалық, техникалық,  тауартану зерттеулерін) жүргізу.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

 

 

Конкурсқа қатысуға үшін қажетті құжаттардың тізімі

1. Нысан бойынша өтініш;

2. Нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

3. Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмелері;

4. Білімі туралы құжаттардың (диплом және қосымшасының) көшірмесі;

5. Әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрінің Мамандандырылған ұйымдарда әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшірмесі;

6. Өлшемі 3х4 фотосурет (4 дана);

7. Нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен және басылып шығарылған А4 форматында жазылған өмірбаян;

8. Еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

9. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан сотталмағандығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;

10. Үміткердің және оның жұбайының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар.

         Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

         Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.