Жарияланған күні: 30.05.2016 11:52
Өзгертілген күні: 11.01.2018 11:57

№ исх: КГД-07-1-29896-КГД-12718   от: 24.05.2016

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Облыстар,  Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2016 жылғы 18 мамырдағы № МКД-08-3/12553 хатты қарап, мынаны хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Заңымен  Салық кодексіне ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін шаруа немесе фермер қожалықтарыны құқық беру бөлігінде өзгерістер енгізілуіне байланысты  Салық кодексінің 358 бабы 1- тармағына сәйкес аталған салық төлеушілерге үшін әлеуметтік салығы 11 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.

Бұл ретте Салық кодексінің 356- бабы 1)- тармақшаға сәйкес әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – Салық кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

Салық кодексінің 359- бабы 3- тармағымен  бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасы мен «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады екені белгіленген.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Салық кодексінің 451- бабы 1- тармағына сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.

Осылайша, Заңға сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы және есептелген әлеуметтiк аударымдар арасындағы айырма ретінде анықталатын әлеуметтік салық сомасы 70 пайызға азайтылуға жатады.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

Төрағасының м.а.                                                               А. Қыпшақов