Date of publication: 12.06.2019 12:35
Date of changing: 12.06.2019 12:41

Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны 2-жолмен: Е-License Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталы арқылы – электронды түрде жіберуге   немесе Қызмет көрсету орталықтары арқылы – қағаз тасығышта келу жолымен беруге болады.

              Сонымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Салық кодексінің  679 бабына сәйкес, осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды, оның ішінде басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде - уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада жүзеге асырылатынын ескертті.

                Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес, оның ішінде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, шағын бизнес субъектілері үшін басқа да арнаулы салық режимдерінен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінен - тіркелген шегерім пайдалануға құқылы.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың ҚР-да және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады. Осы режимді қолдану мақсатында кірістер тізбесі кірістер деп қарастырылмайды.

                2018 жылғы 1 қаңтардан бастап интернет-дүкен немесе интернет-алаң арқылы өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын да атап  өтті. Атап айтқанда, заңды тұлғалар – корпоративтік табыс салығын, ал дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Бірақ олар өздеріне жүктелген үш түрлі міндетті шартты орындауға тиіс:

- Біріншіден, тауар үшін есеп айырысу қолма-қол ақшасыз тәсілімен жүргізілуі керек.

- Екіншіден, сатып алушымен шарт онлайн-режімде жасалуы қажет.

-Үшіншіден, кәсіпкердің жеке жеткізу қызметі болуға тиіс, не болмаса ол тасымалдаумен, жіберумен, жеткізумен айналысатын адаммен шарт жасасуы керек.

        Сонымен қатар, жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылатынын, осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес екендігіне тоқталды.

                 Семинар қорытындысымен салық төлеушілерге түсіндірме кітапшалар, салық заңдылықтары мен нұсқауларлықтар жазылған  дискілер таратылды.  Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша«Дорожная карта» және «Еңбек» атауларындағы бейнероликтер  көрсетілді.