Date of publication: 23.05.2019 17:53
Date of changing: 23.05.2019 17:56

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру және салық саясатын жаңа экономикалық шындыққа келтіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің жаңа механизмдері қайта қаралып және енгізілді.

Уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістеріне қатысты

2018 жылдың 1 қаңтарынан бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер тізімі жаңа кіріс түрімен толықтырылды. Салық кодексінің 644 бабының 1 тармағы 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:

аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;

егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері.

Авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде осы Кодекске сәйкес таратудың салықтық тексеруін жүргізу немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды беру көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің мөлшері:

салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жатқан және аралық тарату балансын бекіту күніне осы баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда),

алу

аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады.

Тарату салықтық тексеруінің нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актісінде көрсетіледі.

Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің нақты сомасын негізге ала отырып айқындайды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі.

 Сондықтан, 2018 жылдың 1 қаңтарынан салық агенттері уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаға төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидентпен қанағаттанбаған авансты (алдын ала төлемді) бейрезиденттің Қазақстан Республикасы көздерден кірістері ретінде тану қажет.  Сонымен бірге, жоғарыда аталған Салық кодексінің ережелері  2018 жылға дейін төленген аванстарға да (алдын ала төлемдергеде) қолданылады.

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілмеген мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың кірісіне қатысты

2018 жылдың 2 шілдесіндегі № 168-VI  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 644 бабының 1 тармағы 5) тармақшасы осы тармақшаның ережелері шет мемлекеттерде тіркелеген тұлғаларға шектеусіз қолданылатын ережемен толықтырылған.

Бұл ретте уәкілетті орган бекіткен, жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесіне енгізілмеген мемлекеттерде тіркелген тұлғалардың кірістеріне қатысты осы тармақшаның ережелері 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстар (алдын ала төлем) бойынша қолданылады.

Сондықтан, жоғарыда аталған тұлғаларда Қазақстан Республикасының көздерінен кіріс 2019 жылдың 1 қаңтарынан төленген аванстардан (алдын ала төлемдер) туындайды.