Date of publication: 22.05.2019 12:48
Date of changing: 22.05.2019 12:49

Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Салық кодексінің 263 бабының 2-1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 10 мамырға дейінгі уақыты аралығында құрылымдық бөлімшелер арқылы Қазақстан Республикасы төңірегінде қызмет атқарған резидент емес қосымша құн салығын төлеушілеріне «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық қателік мойындалды.

Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында қағаз бетінде жасалған шот-фактуралары бар салықтөлеушілер он бес күнтізбелік күн уақыт аралығында (яғни 2019 жылдың  20 мамыр күнінен 3 маусымға дейін) өз шот-фактураларын «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне енгізу мүмкіндігіне ие болды және де жоғарыда аталған салықтөлеушілерге ЭШФ АЖ профиліндегі жеке кабинетіне ақпараттық хабарлама жіберілді.

Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

 

Қарағаңды облысы бойынша МКД