Date of publication: 15.05.2019 09:03
Date of changing: 15.05.2019 09:04

Салық органдары салықтық бақылауды жүргізу мақсатында салық төлеушінің салықтық декларациялары, уәкілетті органдар мен жергілікті атқару органдарынан алынған мәліметтері және басқа да құжаттарға сүйеніп талдау жүргізіп келетіні барлығыңызға белгілі.

Енді осындай талдаулардың нәтижелерін 01.01.2019 жылдан бастап ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 жылғы №252 бұйрығына сәйкес барлық салық төлеушінің жұмысын санаттау (категорирование), яғни төменгі, орта және жоғары тәуекелдің деңгейін анықтау және салықты әкімшіліктендіру тәсілін саралап қолдану енгізіліп отыр.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің бұл тәсілінің енуі – салықтық бақылауды азаюы мен салық төлеушінің салық міндеттемелерін ерікті түрде орындауына мүмкіндік береді.

Әр салық төлеуші бойынша тәуекелдің қай деңгейінде екені жайлы жасалған  ақпарат барлық салық төлеушіге қол жетімді болуы қарастырылған, яғни ҚР ҚМ МКК ресми сайтына ақпарат жылына екі рет орналастырылады.

Мұнда, салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жарты жылдықтың бірінші айының бірінші күнінен кешіктірмей 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық төлеушінің кабинеті» web қосымшасы арқылы және 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сайтта сұранымды өңдеу арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға ұсынылады.

 

Тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

1) Санаттау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы есептілік пен мәліметтердің мониторингтік нәтижелері;

2) Тексеру нәтижелері;

3) Бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері;

4) Уәкілетті органдар мен ұйымдар табыс ететін мәліметтерді талдау нәтижелері.

 Салық төлеушіні тәуекелдердің қай деңгейіне санаттау 13 өлшемшарттары бойынша есептеледі, олар:

1.Салықтық жүктеме;

2.Бір жұмыскердің орташа айлық жасақысы өлшемшарты;

3.Салықтық есептілікте көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасы өлшемшарты;

4.Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот деп танылған тұлғалармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер өлшемшарты;

5.Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсету өлшемшарты;

6.Бұрын тапсырылған салықтық есептілікте бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

7.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар;

8.Арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін, Салық кодексінде белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындауы;

9.Салықтық мониторингке қатысу;

10.Салық төлеушінің деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолдануы өлшемшарты;

11.Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолданғандағы өлшемшарты;

12.Шот-фактураны электрондық түрде шығарғандағы өлшемшарты;

13.Қосымша құн салығы бойынша арнайы бақылау шотты пайдалану өлшемшарты.

 

Қарағаңды облысы бойынша МКД