Date of publication: 26.04.2019 10:05
Date of changing: 26.04.2019 10:07

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет ету мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны орындау және сапалы іске асыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы» әзірледі. Осы стратегия мемлекеттік кірістер органдарының жоғары тиімді жұмысын құру жөніндегі жағдай мен перспективаларды бағалауға негізделген.

Стратегияның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын іске асыру үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1. Бюрократиялық сымдарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау;

2. Электрондық салық және кеден қызметтерінің санын ұлғайту жолымен Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланысын азайту;

3.  Еңбек жағдайларын жетілдіру, қызметкерлердің жалақысын арттыру және олардың кәсіпқойлығының өсуін ынталандыру мақсатында сыйақы берудің икемді жүйесін әзірлеу, ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Стратегияда қолданылатын шаралар қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Атап айтқанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы айтарлықтай артты, іс жүзінде барлық қызметтер заңмен белгіленген мерзімде көрсетіледі, ұсынудың барлық кезеңдерінде олардың ашықтығы қамтамасыз етілді.

Бақылауды күшейту мақсатында автоматты жазу функциясы бар тәулік бойы 8-7212-437-000 телефон желісі (сенім телефоны) ұйымдастырылып, жұмыс істейді, онда мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері тарапынан кез келген құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламалар тіркеледі.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 8(7212)-410812 байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөмірі арқылы сіз салық және кеден заңнамасы бойынша сұрақтар қоя аласыз.

Қарағанды облысы бойынша МКД қызметкерлерімен 2019 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша ақпаратты орналастыру кестесін орындау үшін Департаменттің kгg.kgd.gov.kz ресми WEB сайтында және әлеуметтік желілерде фейсбук, твиттер, инстаграммда 117 мақала, 548 жарияланым жарияланды.

Департамент мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы теледидарда 87, радиода 10 сөз сөйлеуде жария етті, 406 семинар және дөңгелек үстел аясында 291 отырыс өткізді.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу шеңберінде қылмыстық-түзеу жүйесі мекемелеріне бару бойынша жаңадан қабылданған қызметкерлермен Департамент мамандары жұмыс жүргізді.

          Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарының басқармаларында лауазымды тұлғаға пара бергені үшін салық төлеушілерге қылмыстық жауапкершілік туралы ескертетін ақпарат орналастырылған, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп осындай фактілердің жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Қабылданған шаралар оң нәтижелер береді, алайда сыбайлас жемқорлықты жою үшін бізге салық төлеушілер тарапынан осы құбылысқа төзбеушілік танытуда көрсетілген қолдау мен түсіністік қажет.

     

К. М. Орқашбаев,

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары