Date of publication: 13.03.2019 08:54
Date of changing: 13.03.2019 08:55

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Республиканың облыс, аймақтарында барлық кеден рәсімдері бойынша «АСТАНА-1» электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен жұмыс істей бастады.

Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетіп, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартты, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде осы жылдың 01 қаңтардан бастап 10 наурызға дейін 3307 тауар декларациясы рәсімделді  (ЭК-10 – 1546, ИМ-40 – 1574, баска- 187). Орташа рәсімдеу уақыты - 1 минут.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылығы СЭҚ-қа қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 

Кедендік бақылау басқармасы