Date of publication: 10.01.2019 09:10
Date of changing: 10.01.2019 09:10

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Республиканың облыс, аймақтарында барлық кеден рәсімдері бойынша «АСТАНА-1» электрондық декларациялау ақпараттық жүйесі толығымен жұмыс істей бастады.

Электрондық декларациялау жүйесі кедендік рәсімдеудің үрдістерін жеңілдетіп, кедендік операцияларға жұмсалатын уақытты қысқартты, сондай-ақ кедендік декларацияны тапсыру үшін кедендік бекетке келудің қажеті жоқ, бұның барлығы интернет-портал арқылы құжаттарды ұсынусыз жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 18 745 тауар декларациясы рәсімделді  (ЭК-10 – 10 056, ИМ-40 – 7 429, баска – 1 260)  олардың 16 044 тауар декларациясы (86%) автоматты түрде шығарылды, орташа рәсімдеу уақыты - 1 минут.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің артықшылығы СЭҚ-қа қатысушылар мен кеден органдарының тікелей байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне әсер ететінін атап өту керек.

 

Кедендік бақылау басқармасы