Date of publication: 28.11.2018 18:23
Date of changing: 28.11.2018 18:24

Жеке кәсіпкерлерге камералдық бақылау жүргізбей өз қызметiн

оңайлатылған тәртiппен тоқтатуға мүмкіндік берілді. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын - бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруі, алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуі, темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді, ойын бизнес, ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді, көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды), уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды, электрондық сауда.

4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ;

   5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ жеке кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Жеке кәсіпкер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде өзінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кірістер органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін;

3) бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Мемлекеттік кірістер органы салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеке кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жеке кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

                   Нұра ауданы бойынша МКБ