Date of publication: 08.11.2018 18:18
Date of changing: 08.11.2018 18:19

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 412-бабының нормаларына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық  шот – фактура жазып беру бойынша міндеттеме келесі салық төлеушілерде пайда болатынын хабарлайды:

-Қосылған құн салығын төлеушілер;

-ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионерлер;

- ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедиторлар;

-импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.

-Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер.

Электрондық нысандағы шот-фактура электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - АЖ) жазып беріледі және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады.                                                      Электрондық цифрлық қолтаңбаны – ЭШФ АЖ-да аутентификациялау, сондай-ақ ЭШФ қол қою үшін Сізге Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан ҰКО(Ұлттық куәландырушы орталығы) тіркеу орталықтарына жүгіну қажет.                                                      Сонымен қатар, сертификаттарды алу бойынша толық нұсқаулық ҚР ҰҚО ресми сайтында қолжетімді:

- жеке тұлғалар үшін сертификаттар алу бойынша нұсқаулық:

http://pki.gov.kz/index.php/ru/fizicheskie-litsa;

- заңды тұлғалар үшін сертификаттар алу жөніндегі нұсқаулық:

http://pki.gov.kz/index.php/ru/yuridicheskie-litsa.                                            

ЭШФ АЖ-да жұмысты бастау үшін https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login мекенжайы бойынша өту қажет.
Жылдың соңына дейін 2 ай қалды деп есептесек, біз ЭШФ АЖ- да алдын ала тіркелуді ұсынамыз.

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы