Date of publication: 29.10.2018 10:12
Date of changing: 29.10.2018 10:24

- Кедендік операцияларды жүргізу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

«Қазақстан Республикасындағы кеден реттеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңартылған кодексіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары болып табылатын кеден органдарының негізгі міндеттерінің бірі өз құзыреті шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл ретте, зияткерлік меншік  объектілерінің (бұдан әрі – ЗМО) кедендік тізіліміне және Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттердің ЗМО бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ осындай кедендік тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне (тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлардың шыққан жері орындарының атаулары) қатысты құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылданады.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кеден органдарының негізгі шарасы ЗМО бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру болып табылады.

Мысалы, тауарларды кедендік тазарту кезінде зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анықталған жағдайда, декларант немесе құқық иеленушіні (өкілі) хабардар ету арқылы мұндай тауарлардың шығарылуын 10 жұмыс күнге тоқтатылады. Аталған мерзім 10 күннен аспайтын мерзімге тек қана құқық  иеленушінің (өкілінің) сұрау салуы бойынша ұзартылады.

Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару – құқық иеленушінің өзінің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының тиісті құзырлы мемлекеттік органына немесе сотқа жүгінуін жоққа шығармайды.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы:

      1) жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін, оның ішінде олардың атына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін;

      2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес;

      3) дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, шет мемлекеттердің өзге де ресми өкілдіктері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдардың персоналы ресми және жеке пайдалану үшін өткізетін тауарларға қатысты қолданылмайтынын ескерген жөн.

- Тарифтік емес реттеу шаралары. Тыйым салулар мен шектеулер

Кедендік-тарифтік реттеу шаралары – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты Одақ туралы шартқа сәйкес қолданылатын, кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін, тарифтік квоталарды, тарифтік преференцияларды, тарифтік жеңілдіктерді қолдануды қамтитын шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін (әкетілген) тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес қолданылатын шаралар

- Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімнің жаңа формасы туралы

2018 жылғы 17 сәуірдегі «Осындай алдын ала шешім (қосымша) өзгерістер енгізу және оны толтыру тәртібі, тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім формасын бекіту туралы» сондай-ақ №58 ЕЭҚ Алқасының Шешіміне сәйкес, «2018 жылғы 17 сәуірдегі ЕЭҚ Алқасының Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 22 мамырдағы №78 ЕЭҚ Алқасының Шешіміне сәйкес, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімнің жаңа формасы жұмыс істейді.

Жаңа алдын ала шешімде, алдағы шешімге қарағанда алдын ала шешімнің іс-қимыл мерзімі және аяқталу мерзімі көрсетіледі, Тауарларды идентификациялау мақсатында, көрсетілген алдын ала шешімде қажет болған жағдайда қосымша парақта тауар туралы қосымша ақпарат- сызбасы, орналасу сызбасы, фотосуреті көрсетіледі.

Шешім Департаменттің мөрімен расталадлы.