Date of publication: 11.10.2018 18:05
Date of changing: 11.10.2018 18:06

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді.
Оның редакциясың жақсарту үшін салықтық тексерулер түрлері, (кешенді, тақырыптық, қарсы және хронометраждық зерттеп-тексеру) нысандарға өзгертілген. Салық тексерулер түрлері іріктеп салықтық тексеру және жоспардан тыс салықтық тексеру ретінде анықталды.
Салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық органының  лауазымды тұлғалардың және салық төлеушінің  (салықагентінің) құқықтары мен міндеттерің белгілейтің  155 және 156 жаңа бабтар енгізілген. 
Сонымен қатар, салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін, салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша алдын-ала салықтық тексеру актісің тапсыруы қаралған.
Бұл ретте, салық төлеуші алдын-ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беруге құқығы  бар. 
Салық төлеушілер санаттары, сондай-ақ салық төлеушіге алдын-ала салықтық тексеру актісін ұсыну тәртібі мен мерзімдері, алдын-ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау уәкілетті орган бекітеді.
Жаңа Салық кодексіңде, таратылатын салық төлеушінің ЖЖТ-ы шегі салықтар бойынша аудит жүргізу үшін 150 000 АЕК дейін ұлғайды .
Сонымен қатар, заңды тұлға таратылған кезде немесе жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтатқанда аудиторлы құйымдардың салықтар бойынша аудитті жүзеге асыру үшін шарты жақсартылған. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны дұрыс құрастырмағаны үшін аудиторлық ұйымдарға қатысты лицензиядан айыру әкімшілік жауапкершілігі жойылды.
Жеке практика мен айналысатын жеке тұлғалардың қызметі (адвокаттар, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) салықтық тексеру жүргізбей тоқтатылады (камералдық бақылау арқылы).
Қарсы тексерулердің санын қысқарту мақсатында, мемлекеттік кірістер органдары операцияларды жүзеге асырған салық төлеуші (салық агенті)
тұлғаларға сұрау салу жіберуге құқылы бар, аталған тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында мемлекеттік кіріс органы оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді. 
Сұрау салу жіберу тәртібі және осындай сұрауларға жауап алу уәкілетті органмен бекітіледі.
Жоспардан тыс салықтық тексерулердің негіздері 32-ден 12 төмендетілді.

Балқаш қ. бойынша МКБ.