Date of publication: 16.08.2018 11:46
Date of changing: 16.08.2018 12:12

Тауарлармен электрондық сауда - тауарларды жеке тұлғаларға интернет-дүкен арқылы сату бойынша қызмет, сонымен бірге келесі шарттарды орындау:

- тауарларды сату бойынша келісімдерддерді тіркеу электронды түрде жүзеге асырылады;

- тауарларға ақы төлеу банктік аударым арқылы жүзеге асырылады;

- Тауарларды жеткізетін өз қызметінің болуы немесе жүк тасымалдау қызметімен, курьерлік және (немесе) почта қызмет жүзеге асыратын тұлғалармен келісімшарттардың болуы.

Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес тауарлармен электрондық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

Тiркелу салық органына қызметтiң жекелеген түрi басталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiлетiн Хабарламаның негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазыбек би ауданы бойынша МКБ