Date of publication: 11.01.2018 12:03
Date of changing: 11.01.2018 12:06

№ исх: КГД-08-3/310-И   от: 08.01.2018

 

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік

        кірістер департаменттеріне 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер  комитеті, келесіні хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне    салық    салу    мәселелері    бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді:

Заңның 1-бабы, 7-1) тармақшасымен толықтырылды және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары бойынша ұғым енгізілді:

7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар.

Заңның 7-бабының 10-тармағына келесі өзгерістер енгізілді:

10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

Заңның  9-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшалары («Алкоголь өнімін:) мынадай редакцияда жазылды:

5) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;

6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, сіздердің назарыңызды, Заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегендігіне аударамыз. Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және (немесе) ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда, өз еркімен таңдай алады. 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

Төраға орынбасарының

міндетін атқарушы                                                        М.Такиев