Date of publication: 12.10.2017 17:13
Date of changing: 12.10.2017 17:15

 

 

Қараганды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Теміртау» кеден бекетінде ірі СЭҚҚ кездесу өтті

 

 

 

2017 жылдың 12 қазанда Қараганды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Теміртау» кеден бекетінде ірі СЭҚҚ кездесу өтті.

Кездесу барысында «Теміртау» к/б басшысы С.Тусупбеков «Дөңгелек үстелге» қатысушылармен амандасып. Шараға қатысушылар тауарларды кедендік декларациялау кезінде туындаған проблемалық мәселелерді талқылады.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілеріне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ мұндай кедендік тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде шаралар қолданады.  ҚР ҚМ МКК зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану мақсатында зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде ресми интернет-ресурста, ҚР ҚМ МКК веб-порталында жариялануын қамтамасыз етеді.

Егер кеден органы зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде зияткерлік меншік құқығын бұзушылық белгілерін анықтаса, мұндай тауарларды шығару он жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.

 Тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы және тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешімдерді кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға жазбаша нысанда қабылдайды.

  Кеден органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, декларантты және құқық иеленушіні немесе олардың мүдделерін білдіретін тұлғаларды мұндай тоқтата тұру, тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі туралы хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін білдіретін тұлғаның атауын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және тұрған жерін (мекенжайын), ал құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін білдіретін тұлғаға декларанттың атауын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) және тұрған жерін (мекенжайын) хабарлайды. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін мұндай тауарларды шығару, кеден органына тауарларды алып қоюды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттар не зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы судьяның анықтамасын кеден органына табыс еткен жағдайларды қоспағанда, ҚР Кодексте «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» белгіленген тәртіппен жаңартылады және жүргізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша, «Теміртау» кеден бекеті басшысы С.Тусупбеков шара  қатысушыларына алғысын білдіріп, салық және кеден әкімшілігін жетілдіру бойынша бірлескен ұсыныстарды әзірлеу мақсатында осындай іс-шараларды жүргізу пайдалылығы мен қажеттілігі туралы өз пікірін білдірді.